Қоғам

Кибержаттығудың алдағы мәжіліс сайлауына қатысы бар ма?

© Photo : СС0 / StockSnapКомпьютерная мышь
Компьютерная мышь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл оқу-жаттығуды жоспарлаған кезде сайлаудың нақты датасын білген жоқпыз, алдағы науқанмен еш байланысы жоқ, деп атап өтті Руслан Әбдіқалықов

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда өткізілген ауқымды кибержаттығудың алдағы мәжіліс сайлауына еш қатысы жоқ. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол қауіпсіздік сертификаты ең алдымен интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда енді интернетке қатысты проблема болмайды – министрлік 

"Шын мәнінде, былтыр біз сертификатты пайдаланумен байланысты алғашқы оқу-жаттығуды өткіздік. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында бұл тест екі аптаға созылған еді. Ал биыл кибержаттығу аясында біз осы функционалдың қалай жұмыс істейтінін бір тәулік ішінде тексеріп үлгердік. Бұл жоспарлы оқу-жаттығу, 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл, солай тұспа-тұс келген шығар. Біріншіден, пандемия өзгерістер әкелді. Біз әлемдік қауымдастықтан көп дүниені үйреніп, сабақ алдық. Осылайша оқу-жаттығулар жыл соңына дейін созылып кетті. Тиісінше, жыл соңында 10 қаңтарда Қазақстанда сайлау өтетіні белгілі болды. Мен сіздерді сендіргім келеді: біз осы оқу-жаттығуды жоспарлаған кезде сайлаудың нақты датасын білген жоқпыз. Яғни, сайлаумен еш байланысы жоқ", - деді Әбдіқалықов онлайн баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы қауіпсіздік сертификатын пайдалану заңнамалық түрде бекітілгенін атап өтті. Алайда ол тек ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төнген кезде ғана қолданылады.

"Бүгінгі кибержаттығу кезінде біз өзіміз үшін функционалдың жұмыс істейтініне көз жеткіздік. Қандай олқылықтар барын анықтадық, енді оларды шешу үшін жұмыс істейміз", - деді ол.

6 желтоқсанда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге Нұр-Сұлтанда "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020" оқу-жаттығуын бастады.

Бұған пандемияға және қашықтан жұмыс істеуге ауысуға байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар жиілеуі себеп болған.

Атап айтқанда, 2020 жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда интернеттің қазақстандық сегментіндегі кибершабуылдар саны 2,7 есеге жуық өсті.

Жаңалықтар
0