Әлем

Дәрігер коронавирусқа тән ерекше симптомды атады

© Sputnik / Елена БережнаяБесконтактный термометр
Бесконтактный термометр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырған егде жастағы адамдар мен балалардың дене қызуы төмендеп кетуі мүмкін

АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың дене қызуы төмендеуі мүмкін, деп хабарлады РИА Новости.

Терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Кондрахин мұндай симптом COVID-19 кезінде қалыпты емес реакция екенін айтты. Коронавирус инфекциясын жұқтырған егде жастағы адамдар мен балалардың дене қызуы төмендеуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді 

Мұндай жағдай коронавирус инфекциясына байланысты болмауы да мүмкін.

"Төмен температура гипотиреоз, онкология, орталық жүйке жүйесінің онкологиясы, орталық жүйке жүйесінің жарақаттары және бауыр аурулары кезінде де кездеседі", - деп түсіндірді Кондрахин.

Дәрігердің айтуынша, бауыр ағзаны "жылытуға" жауап береді, сондықтан көбінесе циррозға шалдыққан науқастардың дене қызуы төмендейді.

Сонымен қатар бұл туа біткен болуы мүмкін, кейбір дәрі-дәрмекті қолдану кезінде, есірткіге тәуелділіктен тууы мүмкін.

Жаңалықтар
0