Өңірлер

Жамбыл облысында малшыдан 9 келі марихуана тәркіленді

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады, ол үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Жамбылдық полицейлер малшыдан тоғыз келі марихуана тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

2020 жылдың 3 желтоқсанында жедел іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері Шу ауданының жайылымындағы құмға жақын маңдағы аймақта малшы болып жұмыс істейтін 45 жастағы жергілікті тұрғыннан жалпы салмағы 8 килограмм 880 грамм "кептірілген марихуана" есірткісін тауып, тәркіледі.

Оқи отырыңыз: Түрікменстан президенті есірткіні өз қолымен жағып жіберді – видео 

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мұндай қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады, ол Шу ауданының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Жаңалықтар
0