Қоғам

Ұлттық банк 1000 теңгелік "Күлтегінге" қатысты мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2013 жылы Халықаралық банкнот қауымдастығы мың теңгелік "Күлтегінді" жылдың үздік банкноты деп таныған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік "Kүлтегін" банкноты заңды төлем құралы болып қала береді. Бұл туралы Ұлттық банк қолма-қол ақша айналымы бойынша департамент директорының орынбасары Әнуар Қоңырқұлжаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оны банктік операциялар мен аударымдар бойынша барлық төлемдер кезінде қабылдауға міндетті. Бұл банкнот "Қазпошта" АҚ бөлімшелері мен барлық банкте айырбасталады және еш шектеусіз қолданыла береді", - дейді Қоңырқұлжаев. 

1000 теңгелік "Күлтегін" банкнотасы
Ұлттық банк 1000 теңгелік Күлтегінге қатысты мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан
1000 теңгелік "Күлтегін" банкнотасы

Оның айтуынша, кәсіпкерлер осы банкнотты қабылдаудан бас тартса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес алдымен ескерту жасалады. Ал бiр жылдың iшiнде тағы қайталанса, 5-25 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

"Банкнотты қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Одан бұрын фактіні бейнетаспаға жазып алуды немесе банкнотты қабылдаудан бас тартатыны туралы жазбаша негіздеме талап етуді ұсынамыз", - деп атап көрсетті Қоңырқұлжаев. 

Айта кетейік, "Kүлтегін" түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот 2013 жылдың соңында 20 миллион данамен айналымға шығарылды. Сол жылы Халықаралық банкнот қауымдастығы (International Bank Note Society) оны жылдың үздік банкноты деп таныды.

Жаңалықтар
0