Өңірлер

"Ұста, ұста!": Ақтауда күйеуі құлап өлген әйел туыстарының зәресін ұшырды – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол полицейлері мен учаскелік инспектор қайғылы оқиға болған жерге бес минуттың ішінде жетіп, келіншекті құтқарып қалды  

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Ақтау тұрғыны күйеуінің артынан көпқабатты үйдің терезесінен секірмек болды.

17-шағын аудандағы үйлердің бірінде болған оқиға туралы ақпарат Ақтау жедел басқару орталығының пультіне 5 желтоқсанда сағат 19:35-те түсті. Ер адам жетінші қабаттан құлап, көз жұмғаны хабарланды.

Жол полицейі Мәди Ақнияз бен Әділ Жолкигиков және учаскелік инспектор Мақсат Ишберген қайғылы оқиға болған жерге бес минуттың ішінде жетті, деп хабарлады Lada.kz.

Оқи отырыңыз: Екібастұзда 4-қабаттан құлаған ер адам аман қалды

Тәртіп сақшылары ер адамның артынан оның әйелі секіргелі тұрғанын анықтады.  

"Пәтердің есігі ашық болды, бірақ туыстары әйелді қорқытып жібереміз бе деп ішке кірмеген. Учаскелік инспектор Мақсат Ишберген оларға аулақ кетіп, кедергі жасамау қажеттігін сыбырлап, ыммен түсіндірді. Ол еш ойланбастан жылдам және білдірмей жүгіріп барып, әйелді ұстап үлгерді", - деп хабарлады ведомство.   

Келіншек Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

"Мен адам өмірін бұған дейін де құтқарғанмын. Өмірдің қиын сәттерінде адамдарға көмектесіп жүргенімді мақтан тұтамын. Адамдарға көмек қажет болғанда әрдайым олардың қасынан табыламын, өйткені мен учаскелік полиция қызметкерімін, демек халықтың досымын", - деп атап өтті біздің бүгінгі кейіпкеріміз Мақсат Ишберген.  

Жаңалықтар
0