Қоғам

Қазақстандық құқыққорғаушы жаға ұстатарлық оқиға туралы айтты

© Sputnik / Ксения ВоронинаҰл бала
Ұл бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысының полициясы 4-сынып оқушыларының 8 жасар баланы зорлағаны туралы ақпараттан кейін тексеріс бастады

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. #НеМолчиkz қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі (Смайылова) желіде сегіз жасар ұлдың зорланғаны туралы хабарлады.

Айтуынша, жаға ұстатарлық оқиға туралы хабарлама 5 желтоқсанда түскен.

"Бүгін Қарағанды облысында тұратын сегіз жасар ұлдың ата-анасы хабарласты. Олардың баласын төртінші сыныптың оқушылары зорлаған. Камераға түсіріп, порно көруге мәжбүрлеген, басқа балалардың, соның ішінде қыздардың көзінше жыныстық қатынасқа түсуге күштеген", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Қарағанды облысының полициясы құқыққорғаушының жазбасына қатысты түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде "сегіз жасар ұлды төртінші сыныптың балалары зорлап, камераға түсірді" деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат полицияда тіркелді. Барлық адам анықталып, заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды. Жәбірленуші тарап дене жарақаты мен зорлық фактісін жоққа шығарып отыр. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды", -делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Павлодарда кішкентай қызды бірнеше жыл бойы зорлаған өгей әке сотталды

Дина Таңсәрі соңғы он күн ішінде #НеМолчиkz қоғамдық қозғалысының кеңсесіне осыған ұқсас үш хабарлама түскенін мәлімдеді.

Құқыққорғаушының айтуынша, Шымкентте 12 жастағы бала екі ай бойы 4-8 жас аралығындағы бес балаға азғындық жасаған. Ал Түркістанда интернатта 15 жастағы үш жасөспірім 14 жастағы ұлды зорлаған.

Жаңалықтар
0