Қоғам

Мамандар Нұр-Сұлтандағы киберқауіпсіздік жаттығуына қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСтрочки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука
Строчки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы өте қажет болмаса, жай уақытта интернет-сайттарға қолжетімділікті шектеу орынсыз деп санайды  

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы (КШТТО) қызметкерлері әлеуметтік желіде 6 желтоқсанда "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020" оқу-жаттығуын өткізу фактісіне қатысты өз пікірін жариялады.  

Facebook-те жарияланған үндеуде мамандар өздерінің ұйымы (КШТТО) реттеушілер тізімінде жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты олар жаттығуларды өткізу туралы шешімге еш әсер ете алмаған.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қазақстандықтарға қауіпсіздік сертификатын орнатуды ұсынды – ол не үшін қажет   

"Заңдарды салалық министрлік (Цифрлық даму министрлігі) жазады, біз, әрине, оларға белгіленген тәртіппен шағымдана аламыз, бірақ бағынуға мәжбүрміз. Қауіпсіздік сертификаты мәселесі жөнінде өз ойымызды айттық және сол пікірде қала береміз. Біз оны жай уақытта қолдану орынсыз деп санаймыз, ал ерекше кезеңдерде (террористік қатер, әскери іс-қимыл және тағы басқа) нақты нормативтік процедураларды анықтай отырып қолдану қисынға келеді", - делінген мәлімдемеде.

КШТТО сондай-ақ кибер оқу-жаттығуларында өздеріне Қазақстанның қиын жағдайдағы инфрақұрылымына шабуыл жасайтын хакерлік топтың рөлі жүктелгенін және егер бұл жұмыстан бас тартқан жағдайда, басқа мамандар тартылатынын атап өтті. Осы қисынға сүйене отырып, КШТТО қызметкерлері кибер жаттығуларға қатысуға шешім қабылдаған.

Жаңалықтар
0