Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

© REUTERS / BENOIT TESSIERИнтенсивті терапия палатасындағы медбике
Интенсивті терапия палатасындағы медбике - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір республика бойынша 14 мыңнан астам науқас емделіп жатыр, олардың арасында мыңнан аса бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда он екі адам індеттен көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте 8 науқас коронавирустан, ал 4 пациент ковидтік пневмониядан қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 193 адам пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері 43 073 адам пневмониямен ауырды, 454-і көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамда коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір коронавирустан 14 014 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатыр. 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 230 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 37-сі хәл үстінде жатыр. 30 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0