Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мен препаратты әзірлеушілер вакцинаның сынақтары, тиімділігі, бағасы, сонымен қатар, өндіріс көлемі туралы толық баяндап берді.
Ресейлік вакцина 95% тиімділігін көрсеткеннен кейін шетелдік клиенттердің қызығушылығы артты.
Бұл ретте екпенің бағасы бәсекелестерге қарағанда әлдеқайда төмен болатынын ерекше атап өткен жөн. Қазір елуден астам мемлекеттің өкілдерімен келіссөз жүріп жатыр, бірақ Батыс елдері әзірге ресейлік ғалымдардың жетістігін елеген жоқ.
"Спутник V" вакцинасының әлемдік нарықты қалай жаулап алып жатқанын біздің видеодан көріңіз.