НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА "алдағы төрт жылда Америка Құрама Штаттары Ресейге не үшін тіс қайрайды" деген сұраққа жауап тапты.
Агенттік мамандары соңғы жарты жылда Ресей атауы аталған америкалық жетекші БАҚ-тағы мақалаларға зерттеу жүргізді. Оның нәтижесі бойынша алдағы уақытта америкалықтардың Ресейге деген көзқарасы мен қарым-қатынасын болжап білу қиын емес.
Америкалық БАҚ Ресейді 2016 жылдағыдан да жиі еске алатын болған. Бір қызығы, өткен жылы жасалған шолудан биыл аса өзгере қойған ештең жоқ. Бәрі сол қалпында.
Қалған 96 процентті бір тектес мәтінді қайталап, нысанды аудиторияға соны тықпалаудың әрекеті ғана. Яғни, орыстар сайлауға араласып жатыр, орыстар әлеуметтік желідегі сананы бұзуда, орыстар Трампты басынуда, орыстар жалған ақпарат таратып жатыр деген сипаттағы мақалалар.
Мұндай ақпараттардың үздіксіз жариялануы өз кабинетінде немесе қашықтықтан жұмыс істеп отырған журналистің тәулігіне бес рет осы тақырыпта мақала жариялау міндетін орындау картинасын көз алдыңа елестетеді. Мысалы, сайлауға қатысты дақпырт тақырыпты мақалалардың шындығында Ресейге ешқандай қатысы жоқ. Бұл АҚШ-тың ішкі медиаөмірінің элементі. Демкоратияның үлгісі саналатын бұл елде ішкі проблемалармен күресу кезінде ойдан құрастырылған "сыртқы қауіпті" кінәлау әдетке айналған.
Екі мың жиырмасыншы жыл бұл демократияға бір ғана "жаңашылдық" алып келді: әлеуметтік желінің әлемдік алпауыттары Facebook пен Twitter Джо Байденнің пайдасына орай цензураға жол берді. Яғни, осы қос алыпқа тиесілі медиакеңістіктегі жарияланымдар қатаң бақылаудан өтті.
Сондықтан, америкалықтар орыстарға қарсы қандай да бір дәлме-дәл жазалау әдістері қолданылады деп қорқу орынсыз. Өйткені, белгілі бір елге қарсы әрекет ету үшін сол елді жақсы танып-білу керек.
Ал қазір АҚШ Ресейді жермен-жексен етпек түгілі, оған зиян келтіру әдістерін де жете зерттеп, тиімді қолдана алмай отыр.
Қазір Америкада медиалық-саяси олигархия жеңіске жетті. Ол ішкі қарсыластарды өзінің басты қас жауы деп санайды. Сондықтан, қажеттілік туындаған жағдайда медианың тізгінін ұстағандар "жаңа теңдікті" жақтамайтын діни консерваторларды, қара нәсілділерді қабылдай алмайтын ақ нәсілді ер-азаматтарды, "жасыл" энергетиканы жоққа шығарып, дәстүрлі энергетиканы қалайтындарды басып-жанши алады.
Бұл Ресейдің "Солтсүтік ағын – 2" секілді макрожобаларына қауіп төніп тұрған жоқ деген сөз емес. Алайда қауіп ұлғайып жатыр деуге негіз де жоқ.