Саясат

Тоқаев Әбдірахмановты қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстандық дипломат бұл қызметті екі жылға жуық уақыт атқарды. Екі елде Қазақстан елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Дания корольдігіндегі елші қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлады Ақорда.

© Sputnik / Болат ШайхиновҚайрат Әбдірахманов
Тоқаев Әбдірахмановты қызметінен босатты - Sputnik Қазақстан
Қайрат Әбдірахманов

Ол бұл қызметке 2019 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Әбдірахманов Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ, Австрия, Израиль, Ұлыбританияда Қазақстан мүддесін білдірді. 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан сыртқы істер министрі лауазымында болды.

Жуырда Қайрат Әбдірахманов Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

"ТМД, Орталық Азия елдері бұған дейін ұйым жетекшілігінде болған емес. Қазақстан ОБСЕ аз ұлттар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары қызметіне қазақстандық дипломат Қайрат Әбдірахманов кандидатурасын ұсынды", - деген еді Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Жаңалықтар
0