Өңірлер

Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды

© Photo : pixabay.comЖанып жатқан сіріңке, иллюстративті сурет
Жанып жатқан сіріңке, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте өңірде екі өрт болып, адамдар қаза тапты. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында өткен тәулікте екі үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт туралы хабар 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де түсті. Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Тілсіз жау бес шаршы метр аумақты шарпыды.

© Photo : МЧС КазахстанаҚарағанды облысында өткен тәулікте үш адам өрттен қаза болды
Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды - Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысында өткен тәулікте үш адам өрттен қаза болды

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша, өртке қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.

© Photo : МЧС КазахстанаҚұтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады
Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды - Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда таңертең Шахтинск қаласының Шахан кентінде көпқабатты үйдің пәтері өртенді. 40 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Өрт сөндірушілер үш адамды сыртқа шығарып үлгерді. Оқиға орнында 1957 жылғы ер адам және 1962 жылғы әйел көз жұмды. Тілсіз жау сағат 08.45-те сөндірілді.

Жаңалықтар
0