Спорт

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

© Sputnik / Владислав ВодневИлья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

Жаңалықтар
0