Аңдатпа

Қазақстанда 6 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал Калиев Хан-Шатыр
 Хан-Шатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 6-15 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

7 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында онлайн брифинг. Спикер: Ділбар Төлегенова – ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма басшысының орынбасары, Уайс Ерекеш – ІІМ криминалдық полиция департаментінің басқарма басшысы. 

12.30 – Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Мемлекет басшысының жолдауы аясында аумақты дамыту туралы" онлайн баспасөз мәслихаты. Спикер: Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

8 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - Алтыншы шақырылған Алматы қаласы мәслихатының сессиясы бейнеконференц-байланыс режимінде өтеді. Күн тәртібі – Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті. Бандамашы – Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының бастығы Батанов Алмас Сұлтанұлы.

9 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 - " Ғажайып сол сәт әлі есте..."концерті.  "Астана Опера" театры ресейлік және шетелдік композиторлардың вокалды миниатюралары шырқалатын "Романс тарихы" жаңа топтамасын ұсынады (Қонаев көшесі, 1).

11 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 - Алтыншы шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы Zоm сервисінің бейнеконференц-байланыс алаңында өтеді.

Сессияның қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:

  • Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру бағдарламасы;
  • 2021-2023 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті;
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі;
  • мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
  • жер учаскелерін мемлекет қажеттілігі үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы келісімдердің жобалары.

12 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

19.00 – ARTиШОК ұсынатын "Бетховен MUTE" жобасы, (Гоголь көшесі, 40).

15 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Жас Абай" драмасының премьерасы. Режиссер – Нұрлан Жұманиязов (Nomad City Hall, байланыс телефоны: +7 775 284 02 96) 

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0