АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев пен Кешью тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш отбасын құрды. Бұл жаңалықты әнші Instagram парақшасында жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Енді ресми түрде құттықтасаңыздар болады. Ыстамбұл бізді табыстырды. Алла некемізді мәңгілік еткей", - деп жазды Бидаш.
Қос өнерпаз бірнеше айдан бері бірге түскен суреттерін жариялап жүрді. Түркияда бірге вайн түсірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Актер Жахан Отарғалиев Түркияда Нұрлан Қоянбаевтың кезекті фильміне түсіп жатыр. Бұған дейін актер "Үйлену керек", "My love is Aisulu", "Любовь на миллион", "Красавчики до нашей эры" секілді фильмде ойнады.
Балжан Бидаш 1995 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдары отандық "Кешью" тобында ән салды.
2019 жылы "Жыл таңдауы - 2019" музыка байқауында әншінің сол кездегі жігіті көпшілік алдында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын. Балжан Бидаш келісімін берген, алайда той болмаған.
Ал қос өнерпаз Түркия жерінде жақын танысып, Алматыда неке қидырды.