Экономика

Министр шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек пробивает сумму на кассовом аппарате
Человек пробивает сумму на кассовом аппарате  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр өндірілген өнім көлемі бойынша сауда секторы көш бастап тұрғанын айтты. ШОБ өндірісінің жалпы көлемінің төрттен бір бөлігінен астамы осы салаға тиесілі

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 2050 жылға қарай 50%-ке дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылы шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 31,7%-ті құраған. 2015 жылы бұл көрсеткіш небәрі 24,9% болған еді. 

"Шағын және орта бизнестің өсуі – ел экономикасындағы оң өзгерістердің көрсеткіші. Біздің міндетіміз –  ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 2025 жылға қарай-35%-ке, ал 2050 жылға қарай 50%-ке дейін жеткізу. Бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді", - деді Дәленов сенатта өткен парламенттік тыңдауда. 

Ол қазір шағын және орта бизнес 3,5 миллион адамды жұмыспен қамтып отырғанын атап өтті.

ШОБ құрылымында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары жетекші орын алады. Оларға жалпы өңірлік өнім көлемінің үштен бірі, сондай-ақ, жұмысшылардың жалпы санының үштен бірі келеді.

Министр өндірілген өнім көлемі бойынша сауда секторы көш бастап тұрғанын айтты. ШОБ өндірісінің жалпы көлемінің төрттен бір бөлігінен астамы осы салаға тиесілі. 

Ал өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес жыл сайын 4 триллион теңгенің өнімін шығарады. Жартысынан көбі – азық-түлік (23%), металлургия(20%) және металл/металл емес өнімдер өндірісі (14%).

 

Жаңалықтар
0