Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды

© REUTERS / DADO RUVICВрач набирает шприцом вакцину от коронавируса
Врач набирает шприцом вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы 134 706 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бірінші тамыздан бастап 42 680 адам пневмонияға шалдықты

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Емдеуде жатқан 34 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

3 желтоқсанда жеті адам коронавирус инфекциясынан, екі адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. 

Қазір коронавирус инфекциясынан 14 000 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 912 бала бар. 
Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 229 адамның жағдайы ауыр, ішінде 34 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 29 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 819 адам инфекция жұқтырды, 225 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 134 706 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 063 адам қайтыс болды.
Бірінші тамыздан бастап 42 680 адам пневмонияға шалдықты, 448 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0