Қоғам

Цой "Спутник V" вакцинасын өндіру үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды    

© Photo : Пресс-служба Минздрава РКМинистр здравоохранения Казахстана Алексей Цой
Министр здравоохранения Казахстана Алексей Цой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстан аумағында "Спутник V" вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізіп, Қазақстан аумағында "Спутник V" вакцинасының кемінде 2 миллион дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ол үшін Қазақстанның реттеуші органдары қажетті рәсімдерді жүргізеді.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаның өндірісі басталатыны хабарланды.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Бас директоры Кирилл Дмитриев коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.        

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен Қазақстан Республикасының аумағында "Спутник V" вакцинасын шығаратын зауыт салу туралы келісті. Бұл Келісім екіжақты қарым-қатынасқа серпін береді, сондай-ақ коронавирус инфекциясы пандемиясымен тезірек күресуге мүмкіндік туады деп сенемін", - деді Цой.

"РФТИҚ  мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімнің арқасында  халыққа адамның аденовирустық векторларының тексерілген және жақсы зерттелген платформасында құрылған тиімділігі 91% асатын коронавирусқа қарсы вакцина қолжетімді болады. Қазақстан аумағында "Спутник V" вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі ел арасында технологиялық, ғылыми және медициналық тәжірибе алмасу кеңейеді", - деп атап өтті Дмитриев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға келесі жылдан бастап жаппай вакцина егіледі 

Қазіргі уақытта Беларусь Республикасында, БАӘ, Венесуэлада және бірқатар басқа елде "Спутник V" вакцинасының III клиникалық зерттеу фазасы, сондай-ақ Үндістанда II-III фаза мақұлданып, жүргізіліп жатыр. 50-ден астам елден 1,2 миллиардтан астам доза сатып алу туралы өтінім түсті. Шетелдік нарыққа арналған вакцинаны РФТИҚ  халықаралық серіктестері Үндістан, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы төрт ел шығарады.

Жаңалықтар
0