НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева Sputnik Қазақстанға Baltnews және Sputnik-ке жазатын журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Қазақстандық құқық қорғаушы кез келген ел азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні сақтауға тиіс деп атап өтті.
Сондай-ақ, Калеева тінту кезінде компьютерлер мен телефондарды тартып алатын биліктің әрекетіне өз көзқарасын білдірді.
"Мен мұны құптамаймын. Олар заттай айғақтар тергеуге зиян келтірмеу үшін әрдайым заңның қандай да бір нормаларына сүйеніп жатады. Мейлі компьютерді тартып алсын, оны түсінуге болады – зиянды ақпаратты сол жерде зерделеу керек. Алайда адамды қарым-қатынас құралынан айыру, әрине, қажетсіз шара", - деп толықтырды ол.
Латвияда Baltnews және Sputnik-пен жұмыс істейтін журналистер ұсталды
Бұған дейін Baltnews және Sputnik-пен жұмыс істейтін журналистер Еуроодақ санкциялар режимін бұзды деген айып тағылғаны хабарланды. Оларға ақшалай айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Латвияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Еуроодақ халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Дмитрий Киселевке қарсы санкция енгізгенін алға тартып отыр. Алайда медиа топтың өзі ешқандай санкциялар тізімінде жоқ.
Ресей сыртқы істер министрлігінің реакциясы
Ресей сыртқы істер министрлігі Латвия билігінің орыс тілді журналистерге қарсы әрекетін демократиялық қоғамның негізі – БАҚ бостандығы мен пікір білдіруге қарсылық деп бағалады.
Министрлік бұл шектеулер жеке сипатқа ие," Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке ғана қатысты және медиа холдингпен серіктестердің барлығына қатысы жоқ деп атап өтті.
"Мұның барлығы ресейліктерді жақтырмаудан туындайтын жазалаушы акция болып саналады. Мәселе ЕҚЫҰ СІМК алаңында көтеріледі", - делінген хабарламада.