Өңірлер

Алматы коронавирус таралуы бойынша "сары" аймақтан шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау облысы бар. Қалған өңірлер коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа кіреді

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймағынан шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы сайтының мәліметінше, 4 желтоқсанда Алматы қаласы Covid-19 таралуы бойынша "сары" аймақтан шықты, енді қала "жасыл" аймақта тұр.

Бұдан бөлек, "қызыл" аймақта Ақмола облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

"Сары" аймақта Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау облысы бар.

Қалған өңірлер коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа кіреді.

Айта кетейік, Қазақстанда пандемия басталғалы 134 706 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 063 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 42 680 адам пневмонияға шалдықты, 448 адам қайтыс болды. Алматыда кейінгі тәулікте 64 адам инфекция жұқтырды.

Жаңалықтар
0