Өңірлер

Алматыда ер адам өзін өртеп жібермекші болды – оқиға немен аяқталды

© Photo : ДЧС АлматыСотрудники полиции и пожарные Медеуского района предотвратили суицид
Сотрудники полиции и пожарные Медеуского района  предотвратили суицид - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының полиция қызметкерлері мен Медеу ауданының өрт сөндірушілері қайғылы жағдайдың алдын алды

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ер адам өзіне және көлігіне бензин шашып, суицид жасауға әрекеттенді.

Оқиға 4 желтоқсанда Шымбұлақ көшесі, 10 мекенжайында болды.

"1983 жылы туған ер адам өзіне және көлігіне бензин шашты. №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көліктері сирена қоспай, дыбыс шығармай келді – бұл кезде Медеу аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері келіссөз жүргізіп жатты", - делінген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өрт сөндірушілер полиция қызметкерлерінің пәрменін күтіп отырып, ер адамға күтпеген жерден су шашып, суицидтің алдын алды.  

"Оқиға орнына келгенiмiзде ер адамның күйзелicке түскенін байқадық. Ол азаматпен әңгiмелесіп, уақытты барынша созуға тырыстық. Жылдам жеткен өрт сөндірушілерді өзіне қол жұмсамақ болған тұрғын байқап қалмау үшiн бар күшімiздi салдық", - деп атап өттi полиция аға лейтенанты Сәкен Жүнicбай.   

© Photo : ДЧС АлматыПолиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер суицидтің алдын алды
Алматыда ер адам өзін өртеп жібермекші болды – оқиға немен аяқталды - Sputnik Қазақстан
Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер суицидтің алдын алды

Құтқару жұмысына Медеу аудандық полиция бөлімінің 10-нан астам қызметкері, жедел жәрдем бригадасы, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтар
0