Экономика

Қазақстанда 2021 жылы зейнетақы қаншаға өсетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, тиын, теңге
Ақша, тиын, теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейі де өзгерді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда келесі жылы мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері өседі.

Егер былтыр ол 17 641 теңге болса, 2021 жылы 18 524 теңгеге жетеді.

Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы да 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге дейін өседі.

Тиісті нормалар президент қол қойған 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда жазылған.

Тағы оқыңыз: Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев

Бұдан бөлек, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш те (АЕК) өзгереді. 2021 жылы 1 АЕК 2 917 теңгені құрайды. Биыл 1 қаңтардан ол 2 651 теңге болса, 1 сәуірден 2 778 теңгеге дейін ұлғайған еді.

Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге шамасында белгіленді. Осы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болды.

Ал ең төменгі жалақы өзгерген жоқ – 42 500 теңге.

Жаңалықтар
0