Экономика

Ақша сұрайды: Ұлттық банк қазақстандықтарды сақтандырды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаҚазақстанның ұлттық банкі
Қазақстанның ұлттық банкі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банктің атынан ақша жіберу туралы өтінішпен күмәнді хат алған жағдайда құқыққорғау органдарына хабарласу қажет

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк қазақстандықтарды ақша жіберуді өтінетін электронды хаттар мен анонимді телефон қоңырауларын елемеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген, кездейсоқ ақша алу мүмкіндіктері туралы хабарламалар көп жағдайда олардың алаяқтық әрекет екендігін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, шын мәнінде мұндай хаттар Ұлттық банктен жеке тұлғаларға жіберілмейді.

"Орталық банктер жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жүргізбейді: Ұлттық банктегі шоттар тек ҚҰБ, екінші деңгейлі банктер мен саны шектеулі заңды тұлғалардың операциясын есепке алу үшін ғана ашылуы мүмкін. Бұған қоса, Қазақстанның Ұлттық банкі жеке тұлғалардың құнды заттары, банкноталар мен монеталарына қатысты инкассациялық (соның ішінде жеткізу, тасымалдау) қызметті атқармайды", - деп ескертті Ұлттық банктен.

Тағы оқыңыз: Алаяқтар картаның кодын қалай біліп алады – министрлік ақпарат берді

Ұлттық банктің атынан ақша жіберу туралы өтінішпен күмәнді хат алған жағдайда құқыққорғау органдарына хабар беру қажет.

Кеңес алу үшін 1477 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына да хабарласуға болады (ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалу – тегін).

Жаңалықтар
0