Қоғам

Қызылорда облысында сәбиін дәретханаға тастап кеткен әйел ұсталды

© AFP 2022 / OHAN ORDONEZЖенщина в наручниках, архивное фото
Женщина в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
1 желтоқсан күні Қызылорда қаласындағы жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласындағы жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("жаңа туған баланы анасының өлтiруi") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Полиция күдіктіні анықтады. Қазір 23 жастағы әйел ауруханада жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Оқи отырыңыз: Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды 

Айта кетейік, 26 қарашада Батыс Қазақстан облысында Қазтал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үйде босанып, нәрестеден құтылу үшін оны көше дәретханасының шұңқырына тастап жіберген қыздың кім екенін анықтаған болатын.

Полицияның хабарлауынша, оқиға Жаңажол ауылында 23 қарашада болған.

Жергілікті тұрғындардың құқық қорғау органдарына хабарлаған мәліметіне сәйкес, өңірдегі колледждердің бірінде оқитын 19 жастағы қыз босанып, оны пакетке орап, көше дәретханасының шұңқырына лақтырып кеткен.  

Жаңалықтар
0