Қоғам

Елордалық полицейлер көшеде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер Сарыарқа ауданында күдік туғызған ер адамды тоқтатты, алайда ол құжаттарын көрсете алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

Өзбекстан азаматы "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары аумақты аралау кезінде күдік туғызған ер адамды тоқтатты. Тексеріс барысында ер адам өзін таныстырғанмен, құжаттары болмаған.

Тәртіп сақшылары кім екенін анықтау үшін оны елордалық полиция департаментіне жеткізді.

Ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.  Сондай-ақ, тексеру барысында оның басқа адамның мәліметтерін көрсеткені белгілі болды. Бұған қоса, ер адам қарақшылық шабуыл үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген.

Жаңалықтар
0