Қоғам

Парламент Еңбек кодексіне өзгеріс енгізді

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALLЗдание парламента Казахстана в столице Астане, архивное фото
Здание парламента Казахстана в столице Астане, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутаттардың бастамасымен арнайы заң жобасы әзірленді. Оған сәйкес, бірқатар кодекс пен заңға түзетулер енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Сенаторлар қызмет көрсету мәселелеріне арналған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Тиісті құжат қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат депутаты Сергей Ершовтың айтуынша, бүгінде қарыздық еңбектің негізгі үш формасы бар. Олар - аутсорсинг, аутстаффинг және іссапармен жұмыс жасау. Еңбек кодексінде соңғы формасы ғана жазылған. Ал аутсорсинг пен аутстаффинг заңмен реттелмейді. Соның салдарынан қарыздық жұмысшылардың құқықтары бұзылады.   

"Олар штаттағы қызметкерлермен бірдей жұмыс атқарады. Кәсіби біліктілігі де бірдей болса да, еңбекақыны әлдеқайда аз алады. Сосын салалық келісімдермен қорғалмаған. Зиянды еңбек жағдайлары үшін үстемақы алмайды. Әлеуметтік пакеттері де жоқ. Өндірісте жарақат алған, я болмаса, жазатайым оқиға болған жағдайда тиісті деңгейде қорғалмайды. Себебі әлеуметтік сақтандыру шарттары қарастырылмаған", - деді Ершов сенаттың жалпы отырысында. 

Осыған байланысты депутаттардың бастамасымен арнайы заң жобасы әзірленді. Соның аясында Азаматтық, Еңбек, Кәсіпкерлік кодекстеріне және "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарға түзетулер енгізіледі.

Жаңа келісімшарт болады 

Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулер бойынша қызмет көрсету шартының жаңа түрі  - "Персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету шарты" енгізіледі.

Ал кәсіпкерлік кодекске енгізілетін өзгерістерге сәйкес, осы санаттағы адамдардың еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілер жұмыскерлердің жылдық орташа санын шығарғанда жіберуші тараптың жұмыскерлерін де  ескеретін болады. Сондай-ақ, Қазақстан персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс iстейтiн азаматтарды шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарға тартуға жол беретін норма енгізіледі.

Еңбек кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі

Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулер бойынша бірқатар шаралар қарастырылған. Олар:

  • персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі айқындалады;
  • жіберуші тарап пен қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері белгіленеді;
  • жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру тәртібі және оның құрамы айқындалады;
  • қабылдаушы тараптың өндірістік объектілерін еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерінің негізінде жіберуші тараптың жұмыскерлеріне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары белгіленеді;
  • жіберуші тараптың жіберілетін жұмыскерлердің еңбегі үшін қабылдаушы тарап жұмыскерлерінің негізгі жалақысының мөлшерінен төмен емес ақы төлеу бойынша жауаптылығы бекітіледі;
  • жіберуші тараптың жұмыскерін қабылдаушы тараптың жұмыстан шеттету тетігі енгізіледі;
  • жіберуші тарап жұмыскерлерінің материалдық жауаптылығы және басқалар белгіленеді.

Бұдан бөлек, штаттан тыс жұмыскерлердің жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шаралары қарастырылған. Ал мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе олардың қамқорлығынсыз қалғандар, білім беру ұйымдарының түлектері үшін квота болады. 

Сондай-ақ, жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.

 

Жаңалықтар
0