Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылардың саны күрт өсті

Жазылу
Екінші тоқсанда 159 бала коронавирус жұқтырды. Қазір облыстың стационарларында 24 бала ем алып жатыр

АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екінші тоқсанның басынан бері 159 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, ал бірінші тоқсанда 40 оқушы ауырған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылының басынан бері барлығы 199 оқушы ауырып қалды, оның ішінде екінші тоқсанда 159 бала инфекция жұқтырды. 75 бала штаттық режимде білім алса, 84-і қашықтан оқыған", - деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Көшбасов.

Оның айтуынша, осыған байланысты жалпы білім беретін үш мектеп пен 28 сынып қашықтан оқуға көшірілді.

Қазақстанда екі апталық локдаун енгізіледі деген ақпарат тарады: министрлік не дейді 

"Мектеп оқушыларының басым бөлігі ата-анасымен байланыста болып инфекция жұқтырған. Ал мектептерде жаппай жұқтыру дерегі тіркелмеді", - деп атап өтті Көшбасов.

Қазір облыстың стационарларында 24 бала ем алып жатыр, екі баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағаланып отыр.

Жаңалықтар
0