2020 жылы коронавирустық пандемиямен байланысты әлемдік экономикалық дағдарыс Ресейдің мемлекеттік қару-жарақты дамыту бағдарламасы (МҚБ-2020) мен Ресей Федерациясының халықаралық қару-жарақ нарығындағы орнын әлсірете алмады. Ресей әскеріне арналған жеткізулер өткен жылғы көрсеткіштен 11%-ке өсті. "Рособоронэкспорт" шетелдік тапсырыс берушілерге 10 миллиард долларға әскери өнімдер жеткізді. Сондай-ақ, ол тапсырыстар порфтелін 50 миллиард доллар деңгейінде сақтап, 9 миллиард долларға жаңа келісімшарттар жасады.
Әскери флот 35 субмаринамен, суасты кемелерімен толықты. Балтық флотының өзіне ғана алты жаңа зымырандық кеме жеткізілді.
МҚБ-2020 бағдарламасын іске асыру кезінде армия мен флоттағы заманауи қару-жарақтың деңгейі 70%-ке, стратегиялық ядролық күштерде 83%-ке, әуе-ғарыштық күштерде 75%-ке жетті. Жалпы алғанда, Ресей Федерациясының қару-жарақты дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы толығымен іске асырылды және әскерге жаңа әрі заманауи қару-жарақ пен техниканың жаппай жеткізілуін қамтамасыз етті. Бұл бағыттағы жұмыстар үдетіліп, жаңа жылда әскерлер 3 400-ден астам жаңа әскери техникаға қол жеткізеді.
Антиресейлік санкциялар және батыстық "серіктестердің" әділетсіз бәсекелестігімен қоса пандемия да Ресейдің қару-жарақ экспортына үлкен проблема туындатты. Айта кету керек, әлемдік қару-жарақ саудасындағы көрсеткіштің жалпы "ковидтік" төмендеуі 10% болса, Ресей көшбасшы орнын сақтап қала алды. Ресей қару-жарағы әлемдік қару-жарақ нарығының үштен бір бөлігін құрап, АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.
Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы ақпарат құпия сақталғанымен, Ресей мен Түркия С-400 зениттік-зымырандық кешендерінің жеткізілуін қарастыратын екінші келісімшартқа қол қойғаны белгілі. Ал, Мысыр елі 500 Т-90МС танкісіне тапсырыс берсе, шетелдік тапсырыс берушімен Ми-38Т көпнысанды тікұшақтарын жеткізу келісімшарты жасалған. Ал, Үндістан Миг-29 бен Су-30 ресейлік жойғыштарына 2 млрд доллар жұмсауға дайын отыр.
"Панцирь" кешені де уақыт талабымен 2020 жылы алғаш рет соғыс кемесінің палубасына көтерілді. Әуе нысандарының жылдамдығы мен соққы жасау мүмкіндіктері тұрақты түрде артып келеді. Теңіз жағдайына арнайы дайындалған бұл кешен әуе нысандарының көзін өте оңай жояды.
Осы тектес, С-350 "Витязь" зениттік-зымырандық жүйелері сәтті қолданылып жатса, С-500 "Прометей" ЗЗК сынақтары да аяқталуға жақын. Бұл кешен рекордтық 553 км қашықтықта нысанды дәл көздеген болатын.
2020 жылы Ресей әскери-теңіз күштері 28 жылда алғаш рет алты сүңгуір қайықты қабылдап отыр: оның ішінде, төрт атомдық жоба - 955А және 885М және екі дизельді-электрлі жоба - 636.3 және 677 бар. Төртінші буынға жататын он суасты стратегиялық крейсері алдағы онжылдықта Ресей ядролық триадасының теңіздегі негізіне айналады. Олардың максималды әрекет ету қашықтығы 8 000 километрді құрайды. Ресей Дүниежүзілік мұхиттың кез келген нүктесінде елдің мүддесін қорғауға қабілетті суасты флотын құрып жатыр.
Сонымен қатар, қазір бесінші буынға жататын Су-57 жойғыштарын жаппай өндіру басталды. Бұл жойғыш әуедегі және жердегі нысандарды 400 километрге дейінгі қашықтықта анықтай алады. Сондый-ақ, "Сармат" континентаралық баллистикалық зымыраны да соңғы сынақтан өтті. "Сармат" ғаламшардың қос полюсінде де ұшуға қабілетті. Дәлдігі жоғары ядролық емес қару ретінде Ю-71 тектес блоктары бар КБЗ- қолданудың басты ерекшелігі болып табылады.
Ресей "Циркон" гипердыбысты зымыранын сынақтан өткізуді де сәтті аяқтап жатыр. Бұл - әлемде ешбір баламасы жоқ дәлдігі жоғары тиімді қару. Қазан айында Ақ теңізде фрегат бортынан түсірілген "Циркон" төрт жарым минуттың ішінде 450 км қашықтықта Барнец теңізіндегі нысанды жойып, РФ мен Солтүстік теңіз жолындағы шекаралардың сенімді қорғанысты екенін дәлелдеді.
Ресейдің қорғаныс министрлігі "Уран-6" минадан тазарту роботтарын әскерлерге жеткізу туралы шешім қабылдады. Көпфункионалды роботты-техникалық кешен миналы аймақтарда жол салуға және маңызды аудандарды миналардан тазартуға арналған.