Өңірлер

Тоңазытқыштағы бала өлімі: прокурор бас дәрігерді 20 жылға соттауды сұрады

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айыптаушы тарап сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғағымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысы арқылы толық дәлелденді деп есептейді

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Атыраудың перинаталдық орталығында сәбиді өлтіру ісі бойынша сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталды. Прокурор Нұржан Жангереев бес сотталушыға қатысты айыптау қорытындысын оқыды, деп хабарлады "Ақ Жайық" басылымы.

Айыптаушы соттан перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты кінәлі деп тануды және қылмыстардың жиынтығы бойынша оны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.

Нысанбаев алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бірге кәмелетке толмаған адамды өлтірді, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленді, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды, пара алды және берді, алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.

Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан мен акушер Жәмила Құлбатырованы прокурор 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оларға алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бірге кәмелетке толмаған адамды өлтірді деген айып тағылды.

Тоңазытқыштағы бала өлімі: куәгер тірі нәрестені өз көзімен көргенін айтты

Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаеваға қатысы қылмыс туралы хабарламағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.

Айыптаушы тарап сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғағымен, БҚО-дағы сот-медициналық сараптаманың алғашқы қорытындысы және Қарағандыдағы қайталама (комиссиялық) сараптама қорытындысы нәтижесінде толық дәлелденді, Тұрымбетова мен Молдағалиеваның сәбиі тірі туды деп есептейді.

Прокурордан кейін жәбірленушілер Нұржамал Тұрымбетова мен Роза Молдағалиева сөз сөйледі, олар айыптаушы тарапты толық қолдады. Сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы өз талаптарын қанағаттандыруды сұрады.

Екеуі де Нысанғалиевтен 10 миллион теңгеден, ал Тұрымбетовтен 10 миллион теңгеден, Құлбатыровадан бес миллион теңгеден және екі неонатологтан екі миллион теңгеден өндіріп алуды сұрады.

Тұрымбетова тірідей тоңазытқышқа салынған баланың анасы, ал Молдағалиева 2019 жылдың 13 қыркүйегінде Даун синдромы және трисомия диагнозы қойылған сәбиді дүниеге әкелген. Дүниеге келген кезде сәбидің жүрегі соғып тұрған, ол 29 минуттан кейін көз жұмды. Сол аралықта оған ешқандай реанимациялық көмек көрсетілмеген. Нысанбаев ауру тарихында сәби босануға дейін іште жатып қайтыс болды деп жазған.

Ал  2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.

Жаңалықтар
0