Әлем

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мұқтаж жандарға көмек көрсетті

© Photo : Посольство России в КазахстанеПосольство России в Казахстане участвует в рождественской акции
Посольство России в Казахстане участвует в рождественской акции - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл дәстүрлі Рождество жәрмеңкесі пандемияға байланысты өткізілмеді, алайда мұқтаж жандар көмексіз қалмайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі серіктестерімен бірге Charity Drive 2020 гуманитарлық жобасы аясында мұқтаж жандарға 2,6 миллион теңге немесе 6 мың доллардан астам ақшалай көмек, сондай-ақ 500 килограмм азық-түлік жіберді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға дипломатиялық өкілдік.

Бұған дейін хабарланғандай, коронавирус пандемиясына байланысты дипломаттар әйелдерінің жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі тоқтатылды. Елшілердің жұбайлары қауымдастығы (ASA) балама шара ретінде балалар үйлеріне, интернаттарға және тұрмысы төмен азаматтарға гуманитарлық көмек ұйымдастырды.

© Photo : Посольство России в КазахстанеРесейдің Қазақстандағы елшілігі Рождество науқанына қатысып жатыр
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мұқтаж жандарға көмек көрсетті - Sputnik Қазақстан
Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Рождество науқанына қатысып жатыр

"Ресей елшілігі Қауымдастықтың осындай бастамаларына барынша белсенді қатысады және "Charity Drive 2020" аясында серіктестерімен бірге жобаға 1 000 000 теңге ақшалай қаражат, 100 000 теңгеге дүкендер желісіне сертификат, жалпы салмағы 500 килограм болатын азық-түлік және тұрмыстық заттар берді", - деп хабарлады Ресей елшілігі.

Сондай-ақ демеушілер "Светоч"  балалар үйіне 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті, ал "Солнышко" балалар үйінің банк шотына 500 000 теңге аударылды.

Банктердің бірі "Светоч" балалар үйі үшін "УАЗ Патриот" автокөлігіне жаңа дөңгелек, тұрмыстық заттар мен киім-кешек сатып алады.

Жаңалықтар
0