Әлем

Таулы Қарабақта зардап шеккен адамдарға бірлесіп көмек көрсеткен жөн - Путин

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Путин әскери қақтығыс аймақтарында зардап шеккен адамдарға бірлесіп көмектесу қажеттігін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Ресей ТМД мен ҰҚШҰ бойынша серіктестерінің Таулы Қарабақтағы гуманитарлық шараларға қосылғанын қалайды. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Таулы Қарабақтың қақтығыс аймағында қантөгіс пен атысты толығымен тоқтатуға, сондай-ақ, тұрақтандыру процесін бастауға Ресейдің белсенді делдалдық күш-жігері керек болды. Бұны барлығы жақсы біледі. Біз ЕҚЫҰ-ның Минск тобында, атап айтқанда, осы топтың тең төрағалары – Ресей, АҚШ және Франция арасында қол жеткізілген негізгі келісімдерді сақтадық", - деді Путин Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қауіпсіздік кеңесінің сессиясында.

Оның айтуынша, бүгінде Таулы Қарабақ бойынша Ресей, Әзербайжан мен Арменияның үшжақты мәлімдемесі біртіндеп орындалып келеді. Ресейлік бітімгерлер де өз жұмысына кірісті. 

"Ендігі кезекте әскери іс-қимыл аймағында зардап шеккен адамдарға бірлесіп көмек көрсеткен жөн. Босқындарды қайтару, қиратылған инфрақұрылымды қалпына келтіру, діни, мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғауға қатысты гуманитарлық проблемаларды шешуге бірлесіп атсалысу маңызды. Ресей жағы Ереван мен Бакудың үйлестіруімен осы мәселелермен айналысып кетті. Әрине, біз ТМД мен ҰҚШҰ бойынша барлық серіктесіміздің гуманитарлық шараларға қосылуына мүдделіміз. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен де өзара ынтымақтастық жайын талқылап жатырмыз", - деп атап өтті Ресей басшысы.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ҰҚШҰ сессиясында не айтты? 

Айта кетейік, онлайн сессия кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Таулы Қарабақта әскери шиеленісті шешу мәселесіне тоқталып, Ресейдің делдалдық қызметіне жоғары баға берді.

"Біздің бүгінгі кездесуіміз аймақтағы және жалпы әлемдегі қиын процестер кезінде өтіп отыр. Мемлекетаралық дау-жанжал көбейіп, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы жағдай да шиеленісіп келеді. Осы орайда Ресей президенті Владимир Владимирович Путиннің Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылды тоқтатуды көздейтін делдалдық қызметін ерекше атап өткен жөн", - деді Тоқаев.

Жаңалықтар
0