Қоғам

"Енді кездеспейміз деді": Назарбаев жақындарының қазасы туралы айтты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев, архивное фото
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы туған күнінің алдында ата-анасының басына баратынын айтты. Бұл жылы да солай істеген

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев уақыт өтсе де, басылмайтын ауыр сезім туралы айтты.

"Анам мені жақсы көретін. Анасы баласын жанындай жақсы көруі керек, сонда ол бала табысқа жетеді. Ол мені өзге балаларынан артық жақсы көретін, мұны жасырмай айтатын еді. Ол мені өмірден де артық жақсы көретінін сездім", - деді Елбасы "Хабар" телеарнасының эфирінде. 

Назарбаевтың ата-анасы Алматыда, өзі Теміртауда тұрған. Сол жерде партияның облыстық комитетіне сайланды. Анасы Алматыға қашан оралатын сұрады. Бірақ ол уақытта Назарбаев отау құрып, саяси жолын бастаған. Кандидатурасын бекіту үшін Мәскеуге барар алдында ата-анасының үйіне барған. 

"Ол төсек тартып жатты. Тұра алмады. Мен қоштасып, Мәскеуге барып келетінімді айттым. Ол: біз енді кездеспейміз", - деді деп еске алды Елбасы.

Оның айтуынша, дәргерлер анасы орнынан тұра алмайтынын айтқан.

"Бірақ ол орнынан тұрып, мені шығарып салды. Батасын берді. Қазір бәрін тастап, анамның жанында болып, емдеуім керек еді деп ойлаймын. Бұл мені үнемі мазалайды", - деді Назарбаев.

Ол Мәскеуде болғанда анасы өмірден озды.

"Мен үйге оралып, анамды жерледім. Туған күнімнің алдында жыл сайын ата-анамның басына барамын. Ол әкемнен соң алты жылдан кейін көз жұмды. Қарапайым адамдар болатын, еш жерде оқыған жоқ. Бірақ өмірлік даналығы көп еді", - деді Елбасы. 

Ол мұндай ауыр сезім ешқашан кетпейтінін айтты.

"Мен қазір де анамды жерлеген сәттегідей сезінемін. Мұндай сезімді ешкімнің басына бермесін. Саған да", - деді өзінен сұқбат алған журналиске.

Жаңалықтар
0