АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Қоғам қайраткері, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев Қазақстанның қарапайым азаматтары мен парламентшілердің жалақысы арасындағы алшақтық туралы айтты.
"Депутаттар әртүрлі жалақы алады. Көптеген критерий, жұмыс өтілі ескеріледі. Менің жалақым барлық шегерімдерді алып тастағанда 500 мың теңге болды. Өңірлердегі азаматтардың табысы 60-80 мың теңгеден аспайтынын ескерсек, мұндай алшақтықты әділетсіз деп санаймын", - деп хабарлады ол.
Nur Otan-нан шығарылған Әлтаев: Байлаулы қолымды шешті, қуаныштымын
Сондай-ақ, Нұржан Әлтаев парламент депутаттарына жалға берілетін пәтерден кетіп қалғанын айтты.
Әлтаев Nur Otan партиясынан шығарылды
27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.
30 қарашада Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен Нұржан Әлтаевты депутаттық мандаттан айырды. Кейін депутатты партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Nur Otan партиясынан шығарғаны белгілі болды.