НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны арманындағы тойды өткізу үшін ауыр дертке шалдыққанын айтқан. Рактың соңғы деңгейі деп жұрттан қаражат жинады.
29 жастағы Тони Стенден шашын тақырлап алып тастап, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Mirror газеті.
"Қатерлі ісік менің басыма, сүйектеріме, барлық жеріме жетті", - деді ол.
Мұны естіген достары Стенденге 8 мың фунт стерлинг (шамамен 5 млн теңгеге жуық) жинап берді. Жас жұбайлар тойдан соң Түркияға бал айына аттанған. Кейін Стенденнің өтірігі әшкере болды.
"Ол мұндай актерлік шеберлігі үшін Оскарға лайық. Бәрімізді алдап соқты", - деді таныстарының бірі.
Алаяқтық жасағанын мойындаған соң Стенден түрмеге қамалуы мүмкін. Сот бар ақшаны қайтаруға міндеттейді деген болжам жасалып отыр.