Саясат

Өзбекстан президенті Тоқаевқа қоңырау шалды

© Sputnik / Рамиз БахтияровПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос президент күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді.

"Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделілік танытты", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады.

Қазақстандағы Тұңғыш президент күні

Жыл сайын 1 желтоқсанда қазақстандықтар ұлттық мереке – Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Бұл күн мереке ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ – 1991 жылы 1 желтоқсанда алғашқы жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7% дауысқа ие болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанның абыройын асырған Қарақат Башанова туралы жазды

Он күннен кейін елдің бірінші президенті Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қойды. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес республиканың тәуелсіздігін жариялады. Қазақстандықтар бұл күнді 2012 жылдан бері атап өтіп келеді.

Жаңалықтар
0