Видео

82 жастағы буынсыз әжейдің әрекеті көпшіліктің таңдайын қақтырды – видео

Жазылу
Қытайлық әжей Цзя Юй Сян өзінің керемет икемділігімен интернетте танымал болды. Бүгінде 82 жастағы оған шатқа отыру – еш қиындық тудырмайды

Егде жастағы әйелдің саябақта йога жасаумен айналысып, керемет икемділігіктің үлгісін көрсетуі көпшіліктің таңдайын қақтыруда. Ол бірнеше жыл бұрын денсаулығының нашарлап, кереуеттен тұруы да қиындап бара жатқанын сезген соң, спортпен айналыса бастаған.

Жаттығуды біртіндеп қолға алған әжейдің жаттықтырушысы Дэн Фа Шэн оның ғажайып әрекеттерін байқайды. Кейіннен видеоға түсіріп, интернетте жариялайды.

Буынсыз әжейдің мұндай қимылы бірден кең таралып, танымал болады. Тіпті, Цзя Юй Сянның әлеуметтік желілердегі парақшасына 100 мыңға жуық жазылушы тіркеліп, виртуалды жанкүйерлер тобы да құрылады.

Бүгінде Цзя Юй Сян спортпен айналысуды жалғастыруда. Оның мұндай әрекеті өмірден ләззат алуға болатындығын әлемге паш етуде.

Жаңалықтар
0