Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Болашаққа бағдар: IT-технологиялар білім беруді қалай өзгертеді – фото

Жазылу
Қазіргі кезде цифрлы технологиялар біздің өміріміздің бөлігіне айналғанын екінің бірі біледі. Алайда, осыған байланысты білім саласы қалай өзгергенін бәрі бірдей түсіне бермейді

Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жөніндегі федералды агенттік пен Россотрудничества бірлесіп жасаған суретті топтаманың кейіпкерлері әңгімелейді.

Әлемде балалар мен ересектердің "цифрлық технологияны" меңгеруіне көмектесу үшін көптеген форумдар мен байқаулар жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ, "виртуалды және толықтырылған шынайылық күндері" жобасы әлемнің түрлі елі мен қалаларындағы балаларға VR деген не екенін түсіндіріп, виртуалды шындықпен танысуына көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Күн энергиясы болашақта қуатты көзге айналады – Тоқаев

Жобаның басты мақсаты – балаларды заманауи IT технологиялармен таныстыру және олардың цифрлық әлеуетін дамыту.

© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества""Лунная станция" VR жобасының таныстырылымы кезінде қырғыз оқушысы жер серігінің виртуалды көрінісін жасайды.
Лунная станция VR жобасының таныстырылымы - Sputnik Қазақстан
1/17
"Лунная станция" VR жобасының таныстырылымы кезінде қырғыз оқушысы жер серігінің виртуалды көрінісін жасайды.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества""Бүгінде цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласында бар. Қысқа уақыт ішінде шағын стартап бүкіл саланың ландшафтын өзгерте алады. Бағдарламашының немесе IT маманының кәсібі қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Сіз әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс істеп, жақсы ақша таба аласыз", – дейді "Білім беру инновациялары саласындағы кәсіпқойлар" одағы білім беру жобасының жетекшісі Евгений Антонов. Суретте: қырғыз оқушылары Бішкекте "виртуалды және кеңейтілген шындық күндері" шарасына қатысуда.
Қырғыз оқушылары Бішкекте виртуалды және кеңейтілген шындық күндері шарасына қатысуда - Sputnik Қазақстан
2/17
"Бүгінде цифрлық технологиялар өмірдің барлық саласында бар. Қысқа уақыт ішінде шағын стартап бүкіл саланың ландшафтын өзгерте алады. Бағдарламашының немесе IT маманының кәсібі қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Сіз әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс істеп, жақсы ақша таба аласыз", – дейді "Білім беру инновациялары саласындағы кәсіпқойлар" одағы білім беру жобасының жетекшісі Евгений Антонов. Суретте: қырғыз оқушылары Бішкекте "виртуалды және кеңейтілген шындық күндері" шарасына қатысуда.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"Қырғыз оқушысы Бішкектегі "Виртуалды және кеңейтілген шындық күндері" шарасы аясында VR көзілдірігі арқылы ғарышты тамашалауда
Қырғыз оқушылары Бішкекте виртуалды және кеңейтілген шындық күндері шарасына қатысуда - Sputnik Қазақстан
3/17
Қырғыз оқушысы Бішкектегі "Виртуалды және кеңейтілген шындық күндері" шарасы аясында VR көзілдірігі арқылы ғарышты тамашалауда
© Photo : пресс служба АНО "КИБЕР СТРАНА"Балаларды цифрлық әлемге жетелеуге көмектесетін тағы бір жоба – "Кибер кітап". Бұл цифрлық сауаттылықты жақсартуға көмектесетін 11-16 жас аралығындағы балаларға арналған цифрлық кодтау бойынша нұсқаулық.
Балаларды цифрлық әлемге жетелеуге көмектесетін тағы бір жоба – Кибер кітап - Sputnik Қазақстан
4/17
Балаларды цифрлық әлемге жетелеуге көмектесетін тағы бір жоба – "Кибер кітап". Бұл цифрлық сауаттылықты жақсартуға көмектесетін 11-16 жас аралығындағы балаларға арналған цифрлық кодтау бойынша нұсқаулық.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества""Somposite battle vr" композиті бойынша әлем чемпионатының қатысушысы виртуалды хоккей ойнайды.
Виртуалды хоккей - Sputnik Қазақстан
5/17
"Somposite battle vr" композиті бойынша әлем чемпионатының қатысушысы виртуалды хоккей ойнайды.
© Photo : пресс служба АНО "КИБЕР СТРАНА""Кибер кітап" жобасы талантты балаларға жасанды интеллекттің, виртуалды және кеңейтілген шындықтың озық технологияларын игеруге көмектесуге деген талпыныстың нәтижесінде пайда болды, өйткені бұл нарық кем дегенде 50 жыл дамиды.
Кибер кітап жобасы  - Sputnik Қазақстан
6/17
"Кибер кітап" жобасы талантты балаларға жасанды интеллекттің, виртуалды және кеңейтілген шындықтың озық технологияларын игеруге көмектесуге деген талпыныстың нәтижесінде пайда болды, өйткені бұл нарық кем дегенде 50 жыл дамиды.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"Хакатонға қатысу вакуумды құюдың технологиялық процесі туралы алғашқы түсінік алуға тамаша мүмкіндік болды. Суретте: іс-шараға қатысушы Юлия Закладни презентация жасап тұр.
Іс-шараға қатысушы Юлия Закладни - Sputnik Қазақстан
7/17
Хакатонға қатысу вакуумды құюдың технологиялық процесі туралы алғашқы түсінік алуға тамаша мүмкіндік болды. Суретте: іс-шараға қатысушы Юлия Закладни презентация жасап тұр.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"Композиттерді виртуалды форматта жасау әдісі кез-келген білім беру мекемесінде сатып алуға жүгінбей-ақ өнім жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Суретте: хакатонда ұсынылған композиттер.
Көрермен назарына ұсынылған композиттер - Sputnik Қазақстан
8/17
Композиттерді виртуалды форматта жасау әдісі кез-келген білім беру мекемесінде сатып алуға жүгінбей-ақ өнім жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Суретте: хакатонда ұсынылған композиттер.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества""Біз VR-дегі композиттер туралы сыныптарда бірнеше жылдан бері мектеп оқушылары мен студенттерді және жұмысшы мамандарды оқытумен айналысамыз", – дейді Нелюб.
Хакатонға қатысушылар - Sputnik Қазақстан
9/17
"Біз VR-дегі композиттер туралы сыныптарда бірнеше жылдан бері мектеп оқушылары мен студенттерді және жұмысшы мамандарды оқытумен айналысамыз", – дейді Нелюб.
© Photo : из архива ООО "Новое время"Тәжікстандық Равшан Сафаров "Білімді жүктеп ал" байқауында өнер көрсетіп тұр.
Тәжікстандық қатысушы Равшан Сафаров  - Sputnik Қазақстан
10/17
Тәжікстандық Равшан Сафаров "Білімді жүктеп ал" байқауында өнер көрсетіп тұр.
© Photo : из архива ООО "Новое время"Халықаралық "Білім жүктеп ал" байқауының жеңімпазы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азиза Әділбаева.
Азиза Әділбаева - Sputnik Қазақстан
11/17
Халықаралық "Білім жүктеп ал" байқауының жеңімпазы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азиза Әділбаева.
© Photo : из архива ООО "Новое время""Білімді жүктеп ал" халықаралық байқауының қазақстандық жеңімпазы Айгүл Амитова мен Азиза Әділбаева.
Халықаралық байқаудың қазақстандық жеңімпаздары - Sputnik Қазақстан
12/17
"Білімді жүктеп ал" халықаралық байқауының қазақстандық жеңімпазы Айгүл Амитова мен Азиза Әділбаева.
© Photo : из архива ООО "Новое время""Білімді жүктеп ал" байқауында қазақстандық қатысушы Айгүл Амитова өнер көрсетіп тұрған сәт.
Қазақстандық қатысушы Айгүл Амитова - Sputnik Қазақстан
13/17
"Білімді жүктеп ал" байқауында қазақстандық қатысушы Айгүл Амитова өнер көрсетіп тұрған сәт.
© Photo : из архива ООО "Новое время"Суретте: түркіменстандық Айна Ілиясова "Білімді жүктеп ал" байқауына қатысуда.
Түркіменстандық қатысушы Айна Ілиясова - Sputnik Қазақстан
14/17
Суретте: түркіменстандық Айна Ілиясова "Білімді жүктеп ал" байқауына қатысуда.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"Әлемнің 8 елінен 600-ден астам маманның басын қосқан "Цифрлық экономикаға кадрларды дайындау" бірінші халықаралық педагогикалық конференциясының қатысушылары.
Конференция қатысушылары - Sputnik Қазақстан
15/17
Әлемнің 8 елінен 600-ден астам маманның басын қосқан "Цифрлық экономикаға кадрларды дайындау" бірінші халықаралық педагогикалық конференциясының қатысушылары.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества""Білім беру ұйымдарының ішінде цифрлық кеңістік құру арқылы біз білім берудің заманауи болуына және цифрлық экономика үшін кадрлар даярлау ісін қазіргі тенденцияларға сәйкестендіруге көмектесеміз", – дейді шара ұйымдастырушылары.
Болашаққа бағдар: IT-технологиялық білім беру - Sputnik Қазақстан
16/17
"Білім беру ұйымдарының ішінде цифрлық кеңістік құру арқылы біз білім берудің заманауи болуына және цифрлық экономика үшін кадрлар даярлау ісін қазіргі тенденцияларға сәйкестендіруге көмектесеміз", – дейді шара ұйымдастырушылары.
© Photo : пресс-центр "Российского цифрового сотрудничества"Мәскеу қалалық білім және ғылым департаментінің білім беру жүйесіндегі адами әлеуетті дамыту басқармасының бастығы Илья Новокрещенов (сол жақта) пен Илья Бронштейн "Цифрлық экономикаға кадрларды дайындау" халықаралық педагогикалық конференциясында сөз сөйледі.
Конференция қатысушылары - Sputnik Қазақстан
17/17
Мәскеу қалалық білім және ғылым департаментінің білім беру жүйесіндегі адами әлеуетті дамыту басқармасының бастығы Илья Новокрещенов (сол жақта) пен Илья Бронштейн "Цифрлық экономикаға кадрларды дайындау" халықаралық педагогикалық конференциясында сөз сөйледі.
Жаңалықтар
0