Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жасанды интеллект: жүз жыл бұрын "робот" сөзі қолданысқа енді – фото

Жазылу
Роботтар әзірге әлемді жаулап алмаса да, белсенді түрде осыған ұмытылып келеді. Роботтардың көтерілісі туралы алғашқы шығарманың пайда болғанына тұп-тура ғасыр болды

Чех жазушысы Карел Чапек бірде түсінде пьеса көрген. Робот-андроидтар адамдарды толығымен жойып жіберген екен. Бұл оқиға осыдан жүз жыл бұрын болған. Кей деректе оның ұзақ уақыт бойы басты кейіпкерлерді қалай атауға болатынын ойланғаны айтылады.

Осы мәселені жазушы өзінің ағасы суретші Йозеф Чапекке айтқан. Ол жазушыға "робот" сөзін қолдануды ұсынады. Чех тіліндегі robota – "мәжбүрлі жұмыс" сөзінен алынған. Осылайша, жер бетінде "робот" ұғымы пайда болды.

Бүгінде роботты еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі. Робот-хирург көмегімен күрделі ота жасалады.

Роботтарды кішкентай балалар да құрастырады. Ал София секілді заманауи робот жасанды интеллектпен жабдықталған.

Роботтар үшін фантаст Айзек Азимов "робототехника қағидаларын" ойлап тапты, сол арқылы робот адамға зиян келтіре алмайды.

Роботтың түр-түрін біздің фотолентадан қараңыз.

© AP Photo / Kin CheungHanson Robotics компаниясының негізін қалаушы Дэвид Хэнсон Гонконгта робот Софиямен бірге. София – азаматтық алған әлемдегі алғашқы робот. Ол 2017 жылы астанада өткен ЭКСПО-ға келген.
Основатель компании Hanson Robotics Дэвид Хэнсон с флагманским роботом Софией в Гонконге  - Sputnik Қазақстан
1/10
Hanson Robotics компаниясының негізін қалаушы Дэвид Хэнсон Гонконгта робот Софиямен бірге. София – азаматтық алған әлемдегі алғашқы робот. Ол 2017 жылы астанада өткен ЭКСПО-ға келген.
© AP Photo / Michal DolezalЖапондық гуманоидтық робот Asimo жүз жыл бұрын "робот" сөзін "ойлап тапқан" чех жазушысы әрі драматург Карел Чапектің бюстіне гүл әкеліп тұр.
Робот-гуманоид Asimo, подносит цветы к бюсту чешского писателя и драматурга Карела Чапека в зале Национального музея в Праге, 2003 год - Sputnik Қазақстан
2/10
Жапондық гуманоидтық робот Asimo жүз жыл бұрын "робот" сөзін "ойлап тапқан" чех жазушысы әрі драматург Карел Чапектің бюстіне гүл әкеліп тұр.
© Photo : Public domainКарел Чапектің роботтардың көтерілісін бейнелейтін "R. U. R." ("Россум әмбебап роботтары") ғылыми-фантастикалық пьесасынан көрініс.
Сцена из научно-фантастической пьесы Карла Чапека R.U.R. постановки 1928-1929 годов, изображающая восстание роботов - Sputnik Қазақстан
3/10
Карел Чапектің роботтардың көтерілісін бейнелейтін "R. U. R." ("Россум әмбебап роботтары") ғылыми-фантастикалық пьесасынан көрініс.
© Photo : Public domainСөйлеп, қозғала алатын Эрик роботы. Ол 1928 жылы таныстырылып, Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында сенсация тудырды. Қазір британдық ғылым мұражайында тұр.
Устройство робота Эрика, который мог говорить и двигаться, 1928 год - Sputnik Қазақстан
4/10
Сөйлеп, қозғала алатын Эрик роботы. Ол 1928 жылы таныстырылып, Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында сенсация тудырды. Қазір британдық ғылым мұражайында тұр.
© Sputnik / Alexandre Ovcharov / Медиабанкке өтуМагнитогорскідегі "Андроидты техника" ғылыми-өндірістік бірлестігі базасында "Құтқарушы" жобасының "Федор" антропоморфты роботын зертханада сынап жатқан сәт.
Испытание антропоморфного робота Федор проекта Спасатель в лаборатории Фонда перспективных исследований в Магнитогорске - Sputnik Қазақстан
5/10
Магнитогорскідегі "Андроидты техника" ғылыми-өндірістік бірлестігі базасында "Құтқарушы" жобасының "Федор" антропоморфты роботын зертханада сынап жатқан сәт.
© AFP 2024 / NASA 2001 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін Canadarm 2 робототехника кешені жапондық HTV-6 жүк кемесін іліп алуға дайындалып жатыр.
Робототехнический комплекс Canadarm 2 готовится захватить японский грузовой корабль HTV-6 во время сближения с МКС - Sputnik Қазақстан
6/10
2001 жылдан бастап Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін Canadarm 2 робототехника кешені жапондық HTV-6 жүк кемесін іліп алуға дайындалып жатыр.
© AP Photo / Michael SohnUbtech Robotics Company компаниясының Jimu роботтары Берлинде IFA 2017 көрмесінде ұсынылды. Бұл роботтардың ерекшелігі – оларды арнайы мобильді қосымша арқылы бағдарламалауға болады.
Роботы Jimu от компании Ubtech Robotics Company на выставке IFA 2017 в Берлине  - Sputnik Қазақстан
7/10
Ubtech Robotics Company компаниясының Jimu роботтары Берлинде IFA 2017 көрмесінде ұсынылды. Бұл роботтардың ерекшелігі – оларды арнайы мобильді қосымша арқылы бағдарламалауға болады.
© AFP 2024 / Mark RalstonҚызметтік ит Кэдидің Amazon Re: робототехника және жасанды интеллект бойынша MARS конференциясында Boston Dynamics жасаған Spot атты робот иттерді кездестірген сәт.
Роботы-собаки Spot от компании Boston Dynamics на конференции Amazon Re: MARS в Лас-Вегасе, 2019 год - Sputnik Қазақстан
8/10
Қызметтік ит Кэдидің Amazon Re: робототехника және жасанды интеллект бойынша MARS конференциясында Boston Dynamics жасаған Spot атты робот иттерді кездестірген сәт.
© Sputnik / Vladimir Pesnya / Медиабанкке өтуашылуында мамандардың бірі Sony компаниясының стендінде қойылған Аibo робот итіне тапсырма беріп тұр.
Девушка дает команду собаке-роботу Аibo на открытии выставки М.Видео Electronics Show 2019  - Sputnik Қазақстан
9/10
ашылуында мамандардың бірі Sony компаниясының стендінде қойылған Аibo робот итіне тапсырма беріп тұр.
© AFP 2024 / Boris HorvatOceanOne роботы бастапқыда тек адам істей алатын маржан рифтерін зерттеу құралы ретінде ойластырылған. Роботтың ұзындығы – 1,5 метр, ол стереоскопиялық көру жүйесімен жабдықталған.
Робот-водолаз OceanOne во время презентации в Марселе - Sputnik Қазақстан
10/10
OceanOne роботы бастапқыда тек адам істей алатын маржан рифтерін зерттеу құралы ретінде ойластырылған. Роботтың ұзындығы – 1,5 метр, ол стереоскопиялық көру жүйесімен жабдықталған.
Жаңалықтар
0