Елорда тынысы

Тұңғыш президент күнінде автобустар жүре ме – көлік компаниясының жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневНа остановке автобуса в Нур-Султане
На остановке автобуса в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік компаниясы қала тұрғындары мен қонақтарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырып отыр. Автобус салонында маскасыз жүруге болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша — Sputnik. 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күнінде елордада автобустар қалыпты режимде қатынайды.

City Transportation Systems ЖШС ақпаратына сәйкес, астаналық санитар дәрігердің автобустарға қатысты шектеуінде жексенбі күні туралы ғана жазылған.

"Астаналық бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша дүйсенбі-сенбі күндерінде қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат берілген. Жексенбі күні автобустар тоқтайды", - деді көлік компаниясында. 

Олар қала тұрғындары мен қонақтарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырып отыр. Автобус салонында маскасыз жүруге болмайды. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленуі керек. 

Айта кетсек, Қазақстанның астанасы қайтадан коронавирустың "сары" аймағына кірді. Елорда "жасыл" зонада небәрі бес күн – 24-29 қараша күндері болды.  Бұдан бөлек, "сары" аймақта Алматы қаласы да тұр. "Қызыл" аймақта Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.

11 қарашада Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қазір карантинді жеңілдету мәселесі қаралып жатқан жоқ екенін айтқан болатын.

Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен жексенбі, 29 қарашада инфекция жұқтырған 794 адам тіркелді, оның 54-і – Нұр-Сұлтанда.

Жаңалықтар
0