Оқиға

Бір адам көз жұмды, үшеуі ауыр хәлде: Талдықорғанда төтенше оқиға болды

© Sputnik / Абзал КалиевАвтомобили на дороге, скорая помощь
Автомобили на дороге, скорая помощь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлығы сегіз адам зардап шекті, үшеуі - бала. Газдың жарылуына өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болған

ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 қараша — Sputnik. Талдықорған ауруханасында денесінің 98 процентін күйік шалған 14 жасар жасөспірім көз жұмды. Қала маңындағы Еркін елді мекенінде газ баллоны жарылған.

Ақпаратты Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы бөлісті.

"2006 жылы туған пациент көз жұмды. Жасөспірім денесінің 98 процентін күйік шалған. Ол сағат 00.45-те қайтыс болды", - деді басқарманың баспасөз қызметі.

Үш адам аса ауыр хәлде. Олар Талдықорғандағы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр. Екі науқас облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты ауыр. Балалар ауруханасына түскен екі кәмелетке толмаған баланың жағдайы орташа деп бағаланды.

Еске сала кетсек, Талдықорған маңындағы елді мекенде бес литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан 8 адам зардап шекті, үшеуі - бала. Газдың жарылуына өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болған. Тұрмыстық газ баллоны дұрыс қолданылмаған.

Жаңалықтар
0