Сириялықтар Таулы Қарабақта не істеп жүр?

© PAN Photo / Медиабанкке өтуВ зоне карабахского конфликта
В зоне карабахского конфликта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириялық содырлар соғыстан кейінгі Таулы Қарабақтың шындығына айналуы мүмкін. Мұндай жағдай тарихта бар: албандардың Осман империясы кезіндегі сербиялық Косовоға жер аударуы

Түркия үшін бұл ұйымдастырылған көші-қон Оңтүстік Кавказда тұрақты және ұзақ уақыт бойы орын тебудің қосымша мүмкіндігі болып отыр.

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс кезінде бірнеше мыңдаған сириялық содыр елге келді. Үшжақты келісім жасалып, соғыс тоқтатылғаннан кейін террорист-туристердің Отанына қайтарылғаны туралы еш ақпарат жоқ. Сириялықтар өз отбасыларымен Әзербайжанға қайтарылған аудандарда орнығуының ықтималдылығы жоғары болып тұр.

Таулы Қарабақ: ресейлік бітімгерлер Лачин дәлізін минадан тазартты - Sputnik Қазақстан
Видео
Таулы Қарабақ: ресейлік бітімгерлер Лачин дәлізін минадан тазартты
SkyNewsArabia телеарнасының мәліметі бойынша, түрік үкіметі Сирияның солтүстік-шығысындағы түркі отбасыларының Таулы Қарабақ аудандарына қоныс аударуына көмектеседі. Бұл өңірдің демографиясын өзгерту үшін қабылданып отырған шара. Түркияның Африн қаласында жүргізген осындай тәжіриесі бар. Онда байырғы тұрғындар саны 7 проценттен аспайды.

Сирияның солтүстік-шығысындағы автономдық әкімшіліктің өкілі Шафан әл-Хабури SkyNewsArabia арнасына берген сұхбатында сириялық отбасыларды Таулы Қарабаққа көшіру туралы түрік үкіметінің бастамасы туралы ақпаратты растады. Оның айтуынша, Түркия билігі 1923-1929 жылдар аралығында Таулы Қарабақта Лачин қаласы астанасы болған "Қызыл Күрдістан Республикасының" болғанын естен шығарған жоқ.

Бұл жобада адам таңғалдыратындай ештеңе жоқ. Террористік тәжірибесі бар ауған-түркілер едәуір дайындалған "әскери контингентті" құрап отыр. Олар аздаған қаражат үшін соғысқа белсене кірісуге дайын. Қайда және кімге қарсы соғысу олар үшін маңызды емес. Ал, Қарабақты "Кавказ Косовосына" айналдыру Анкараға кез келген уақытта бауырлас халықты қорғауға мүмкіндік береді. Түркия парламенті Әзербайжанға әскер жөнелтуді мақұлдап та қойды. Бұл Оңтүстік Кавказдағы үлкен геосаяси ойынның бастамасы ғана. Бұл ойын "Джебхат ан-Нусра", "ФиркатХамза", "Султан Мурад"* террористік ұйымдары мен экстремистік күрділер топтарының қатысуымен өтетін сыңайлы.

Түрік тарапы ресми түрде Әзербайжанға жалдамалы әскерлер жібергенін жоққа шығарып, ондаған жыл бойы түрік билігіне қарсы соғысып келе жатқан Күрдістан жұмысшылар партиясының (ПКК) содырлары Арменияны қолдап отырғанын мәлімдеді. Ал, Бакудегілер Сирия мен Ливаннан келген жалдамалылар Армения жағында екенін айтуда. Әлем уақытпен сыналып жатыр. Қарабақ тұйығынан дипломатиялық шығу жолын іздеу керек.

 Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев пен Путин Таулы Қарабақта қалыптасқан жағдайды талқылады
Еске салсақ, Латакия және Алеппо провинцияларында бірқатар террористік ұйымдармен байланысы бар 100 мыңға жуық сириялық түркілер мекендейді. Олар көп жыл бойы САР үкіметтік әскерімен соғысып келеді.

"Ронаи" әзербайжандық күрд мәдениеті орталығының жетекшісі Фахраддин Пашаевтың бағалауы бойынша, Әзербайжанда 240 мыңға жуық күрд өмір сүреді. 1923 жылғы халық санағына сәйкес, Таулы Қарабақ автономды облысындағы армяндар саны 94%-ті құраса, әзербайжандар 6% болған. Кеңес үкіметінің билігі кезінде Қарабақтағы армяндар саны едәуір азайып, 77%-ке жетті, ал, армяндар 21%-ке дейін артты. 1990-шы жылдардың басындағы соғыс бұл статистикаға өз өзгерістерін енгізді. Болашақтағы демографиялық құрамның қандай боларын болжау қиын.

Таулы Қарабақтың армяндарға қарасты бөлігінде Ресейдің бітімгерлер тобы соғыстан кейінгі өмірді қалпына келтіру үшін барын салуда. Инженерлік-саперлік бөлімшелер барлау жүргізіп, жолдарды миналардан тазартып жатыр, жалпы қолданыстағы жолдардан жанып кеткен техникаларды эвакуациялауда. Степанкертте жол қозғалысы, азаматтық инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үйлерді электр және сумен жабдықтау реттеліп, гуманитарлық орталық жұмыс жасап отыр және аэромобильдік емхана құрылып жатыр. Бүгінде бірнеше мың жергілікті тұрғын өз үйіне қайтты.

9 қарашада Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясының президенттері мен Армения Республикасының премьер-министрі қол қойған үшжақты мәлімдемеге сәйкес, 25 қарашада Әзербайжан армиясының бөлімдері Кельбаджар ауданына кірді, 20 қарашада Агдам ауданы Бакудың бақылауынан өтті, ал көп ұзамай (1 желтоқсанда) Лачин облысы да Бакуге қарасты болады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты  қабылдады - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Таулы Қарабақтағы қақтығыс туралы айтты
Қарабақтың бұдан арғы тағдыры көп жағдайда Әзербайжан Республикасының армиясы мен әскери-саяси басшылығына байланысты. Армяндық "қауіпсіздік аймағындағы" жеті ауданның адамдар сирек қоныстанған және қауіпті әзербайжандық аймаққа айналуы аса қажет емес. Жеті ауданға сириялық түркілер қоныс тебеді деген болжам бар.

Бұған дейін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акармен, сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, барлау қызметінің басшысы Хакан Фидан және құрлықтағы әскерлердің қолбасшысы Үміт Дюндармен кездесу кезінде дауды шешуде Ресей мен Түркияның "тең рөлі" туралы айтқан болатын. Елде түрік әскери кеңесшілері бірқатар қызмет атқарып жатыр. Олардың Қарабақтан қашық, бірақ, Армениямен шекаралас Нахичеван автономиясында болуы Баку мен Анкараның үлкен соғысқа дайындығына куә етеді. Ресей тең жағдайда соғыс әрекеттерін тоқтатты, бірақ, бұған бәрі қанағаттана қойған жоқ.

Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акбар Ресеймен келіссөздер жалғасып жатқанын және құжатқа қол қойылғаннан кейін Қарабақтағы бақылау орындары арасында түріктік патрульдеу басталатынын айтты. Ол "Біз оны Әзербайжанмен арадағы келіссөздерге сәйкес жүзеге асырамыз" деді.

Жаңалықтар
0