АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Ұлттық олипиадалық комитет.
Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. 2020 жылы респбликалық турнир ерекше өтті - ерлер мен әйелдер жарысы біріктірілді. Пандемияға байланысты тағы бірқатар өзгеріс енгізілді.
Ресми емес командалық есепте Маңғыстау облысы жеңіске жетті - екі алтын, екі қола. Екінші орында - Нұо-Сұлтан (бір алтын, екі күміс, бір қола). Үшінші орында Жамбыл облысы (бір алтын, бір күміс, үш қола).
Ерлер арасындағы жеңімпаздар:
- 49 келіге дейін: Даниял Сәбит (Батыс Қазақстан облысы);
- 52 келіге дейін: Сабырхан Махмуд (Шымкент);
- 57 келіге дейін: Серік Теміржанов (Павлодар облысы);
- 60 келіге дейін: Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы);
- 63 келіге дейін: Ертуған Зейнуллиев (Алматы облысы);
- 69 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы);
- 75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы);
- 81 келіге дейін: Бекзад Нұрдаулетов (Маңғыстау облысы);
- 91 келіге дейін: Айбек Оралбай (Нұр-Сұлтан);
- 91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).
Чемпионатта әйелдер арасында астаналық спортшылар басым түсті. Үш алтын, екі күміс, бір қола. Екінші орын Қостанай облысы (екі алтын, бір қола). Үшінші орын Шымкентте (бір алтын, үш күміс, бір қола),
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:
48 келіге дейін: Аяулым Балқыбекова (Жамбыл облысы);
51 келіге дейін: Назым Қызайбай (Алматы);
54 келіге дейін: Дина Жоламан (Ақмола облысы);
57 келіге дейін: Владислава Кухта (Қостанай облысы);
60 келіге дейін: Римма Волосенко (Нұр-Сұлтан);
64 келіге дейін: Милана Сафронова (Қарағанды облысы);
69 келіге дейін: Валентина Хальзова (Нұр-Сұлтан);
75 келіге дейін: Надежда Рябец (Қостанай облысы);
81 келіге дейін: Фариза Шолтай (Шымкент);
81 келіден жоғары: Ләззат Күнгейбаева (Нұр-Сұлтан).