Mask.com бренді жуырда інжуден жасалған және гауһар таспен көмкерілген қымбат маскалар жасап шығарды.
Бұл эксклюзивті бетперделердің құны - миллион йен, яғни 9 600 доллар.
Осылайша жапондық бренд коронавирустан зардап шеккен сән индустриясына қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, дейді дүкен иелері.
Гауһар тасты маскалар 0,7 қаратты асыл таспен және 300-ден астам Сваровски кристалымен көмкерілген, ал інжу бетперделер 330-ға жуық Акойя інжуінен "өрілген".
Дегенмен, жапондық маска әлемдегі ең қымбат бетперде емес. Израильдік зергер 250 грамм 18 қаратты алтыннан әзірлеген масканың құны - 1,5 миллион доллар.
© REUTERS / Issei Kato Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
1/8
© REUTERS / Issei Kato
Көлемі 0,7 қаратты гауһар тас, платина (алтыннан да қымбат бағаланатын ақ металл), інжу және Сваровски тасымен көмкерілген қымбат маска. Белгілі жапондық Mask.com дүкенінде сатылатын бетперденің бағасы - миллион йен (9 600 доллар).
© REUTERS / Issei Kato Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
2/8
© REUTERS / Issei Kato
Түрлі маскалар сатылатын бутиктердің бірі Жапония астанасындағы метро станцияларының бірінің жанында орналасқан.
© REUTERS / Issei Kato Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
3/8
© REUTERS / Issei Kato
Дүкен иелерінің пайымдауынша, коронавирустан сәл-салтанатпен қорғануға да болады. Жаңа люкс желі пандемия салдарынан кенжелеп қалған сән индустриясын қолдауға бағытталған, дейді олар.
© REUTERS / Issei Kato Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
4/8
© REUTERS / Issei Kato
Сатып алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар – жібек пен шілтерден тігілген жеңіл болмаса көлемді, дөрекілеу маскалар.
© REUTERS / Issei Kato Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат Акойя інжуінен жасалған.
5/8
© REUTERS / Issei Kato
Інжу масканың құны - миллион йен (9 600 доллар). Бетперде 330 жапондық дөңгелек және қымбат Акойя інжуінен жасалған.
© REUTERS / Issei Kato Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
6/8
© REUTERS / Issei Kato
Токиодағы маскалар дүкенінің қызметкері гаухар таспен көмкерілген бетперде кигізілген манекеннің жанында тұр.
© REUTERS / Issei Kato Інжуден "өрілген" маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
7/8
© REUTERS / Issei Kato
Інжуден "өрілген" маска арнайы жабық витринаның ішіне қойылған.
© REUTERS / Issei Kato Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. "Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың?" – дейді Токио тұрғындары.
8/8
© REUTERS / Issei Kato
Жапония астанасының кейбір тұрғындары үшін қымбат маска бар болғаны экзотикалық экспонат қана. "Егер осындай маска алатын болсаң, басқа киімің де соған сай болуы қажет. Ал мұндай образбен қазір қайда барасың?" – дейді Токио тұрғындары.