Қоғам

Алматы облысында бір жарым ай бұрын жоғалған оқушының қайда жүргені белгілі болды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз, архивтегі сурет
Қыз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушы қыз бірге тұратын әжесінен ұрыс естіген соң, үйден кетіп қалған. Полицейлер қызды тапқаннан кейін оны профилактикалық есепке қойды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Алматы облысында бір жарым ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен 16 жастағы қыз табылды.

11-сынып оқушысы осы уақыт бойы құрбысының үйінде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қазанда Сарқан қаласының 57 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөлімшесіне жүгініп, 16 жастағы немересінің жоғалып кеткенін айтады.

Бірге тұратын әжесінен ұрыс естіген 11-сынып оқушысы үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Анықталғандай, әйел немересі дүниеге келгеннен кейін оны бірден өз қамқорлығына алған.

Тағы оқыңыз: Ойын-сауық орталығында болған: Алматыда төрт күн бұрын жоғалған қыз табылды

Кәмелетке толмаған қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылды. Нәтижесінде 25 қарашада оқушының мекенжайы анықталып, үйіне қайтарылды. Ол бір жарым ай бойы Талдықорған қаласында жалдамалы пәтерде тұратын құрбысының үйінде болған. Профилактикалық әңгімеден соң, қыз есепке қойылды.

57 жастағы әйел денсаулығына байланысты немересіне одан әрі бас-көз болудан бас тартты. Қазір қорғаншылық және қамқоршылық органдары баланы туған анасына қайтару мәселесін шешіп жатыр, деп нақтылады полициядан.

Жаңалықтар
0