Қоғам

Алексей Цой бір жарым ай бойы журналистер алдына неге шықпағанын түсіндірді  

© Sputnik / Владислав ВодневДиктофоны (для заставочного фото)
Диктофоны (для заставочного фото) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр өңірлерге жұмыс сапарымен шығып, ауру ошақтарына барып, әріптестерімен кездескенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой неге ұзақ уақыт брифингтерде көрінбегенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі министрден неге 13 қазаннан бері брифингке шықпағанын сұрады.

"Брифингтер біз үшін де өте маңызды. Бізге көптеген өткір проблеманы шешу керек болды. Өңірлерге сапармен шықтық, ауру ошақтарына бардық. Ауруханаларды аралап, әріптестермен кездестік, әр өңірде тиісті іс-шараларды қалай жүргізу керектігін түсіндірдік", - деп жауап берді Цой.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі елде вирус жұқтыру деңгейі өткен аймен салыстырғанда 3,7 есеге өскенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Министр Цой алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады 

Эпидемиологиялық жағдай республиканың бес облысында ушығып тұр. Олар: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Алматы қаласы – коронавирустың "сары" аймағында, ал қалған өңірлер "жасыл" зонада тұр.

Жаңалықтар
0