Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

© REUTERS / DANIEL ACKERВрач поправляет перчатки в коридоре больницы с коронавирусом перед началом смены
Врач поправляет перчатки в коридоре больницы с коронавирусом перед началом смены  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 164 адам COVID-19-ға шалдықты. Бұл өңірлер бойынша ең жоғары өсім

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 820 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 77
  • Алматы қаласы - 77
  • Шымкент қаласы - 11
  • Ақмола облысы - 75
  • Ақтөбе облысы - 7
  • Алматы облысы - 30
  • Атырау облысы - 14
  • Шығыс Қазақстан облысы - 164
  • Жамбыл облысы - 14
  • Батыс Қазақстан облысы - 37
  • Қарағанды облысы - 19
  • Қостанай облысы - 63
  • Қызылорда облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 110
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 114
  • Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 128 400. 

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі бір апта ішінде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады. 16-22 қараша аралығында республикада коронавирус инфекциясынан 45 адам көз жұмды. Індеттен қайтыс болған науқастардың ең үлкені – 93 жаста, ал ең жасы –  37-де.

Ең көп өлім-жітім Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді, бұл өңірлерде бір апта ішінде тиісінше 9 және 8 науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0