АҚШ өз кезегінде Халықаралық Қызыл Крест комитетіне және қақтығыстың өршуінен зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін басқа да үкіметтік емес ұйымдарға бес миллион доллар бөлумен ғана шектелді, деп жазады РИА Новости.
Бұл жөнінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те мәлімдеп, АҚШ пен Франция қол жеткен келісімге қатысты оң көзқарасын кеш те болса білдірді деген атап өткен болатын.
Ал Анкара өз ойын күмілжімей ашық білдірді. Түркия президентінің баспасөз хатшысы Батыс мүддесін білдіретін НАТО мен ЕО отыз жылдың ішінде қарабақтық қақтығыс бойынша нақты әрі шынайы шешімдер ұсына алмағанын бетке айтып, Ресей мен Түркия бұл мәселеде "өзара түсіністікке қол жеткізгенін" мәлімдеді.
Таулы Қарабақ бойынша келісімдер Батыстың, әсіресе, ЕҚЫҰ Минск тобының Ресеймен бірге тең төраға болып табылатын АҚШ пен Франция үшін аса ауыр жеңіліс болғаны жайлы БАҚ жарыса жазды.
The National Interest журналистерінің сөзіне сенсек, осы жолы Батыс қалың ұйқыға кеткен секілді. Ол соғыс әрекеттерінің қайта өршуіне таң-тамаша қалса, ресейлік бітімгерлерді ел аумағына енгзуге рұқсат еткен келісімге қол қойылуын да жіберіп алған сияқты. Басылым орын алған оқиғаға Путин мен Эрдоғанның әңгімесі туралы ақпаратты қолына түсіре алмаған америкалық барлау қызметін айыптап отыр. Соның салдарынан өңірдегі АҚШ позициясы әлсіреп қалды.
Қақтығыстың салыстырмалы түрде жергілікті сипатына қарамастан Қарабақтағы реттеу жаһандық саяси жүйе басынан өткеріп жатқан өзгерістердің түбегейлі жаңа кезеңін айқындап тұр. Бұл Құрама Штаттары мен Еуропа барлық қатысушы тарап үшін бірден қажетсіз серіктес болып табылған кезде алғаш рет болды.
Соңғы үш онжылдықта Батыс гегемониясының басты белгісі олардың барлық жерде болуы және жаппай қажеттілігінде болды. Қандай жағдай болсын, қандай дау-дамай болсын, тіпті, түрлі елдердегі ішкі саяси келіспеушіліктер бойынша да Батысқа жүгінетін, одан қолдау мен көмек күтетіндер барлық кезде табылып жатты.
2014 жылдың көктемінде украиналық әскерилер ресейлік әскери нысанды "Америка бізбен бірге!" деген ұранмен басып алмақшы болуын осы әдістің айқын үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл күлкілі болғанымен, бірқатар адамдардың, соның ішінде, Беларусьтен Венесуэлаға дейін, Сириядан Гонконгқа дейінгі азаматтардың ойлау үлгісін дәлме-дәл айқындап отыр.
Бірден қатысушы тараптармен Қарабақтағы қазіргі реттеулерден Батыстың шеттетілгені мұны ерекшелендіріп отыр. Бұл келіссөздер жүргізу процесі күрделі болғанын білдіреді.
Сонымен бірге, әледік жүйеде ерекше мәртебедегі АҚШ-тың ықпалы мен наразылығы деген мәселеге тағы бір соққы жасалды. Тәжірибе көрсеткендей, бірінші талпыныстың артынан кезекті талпыныстар ере береді.
Америкалықтар кез-келген түйіткілді мәселеде өз барлау қызметін айыптауды әдеттеніп алды. Бұл қолайлы әдіс. Себебі, өз барлау қызметін айыптау арқылы Құрама Штаттары мен Батыстың ұйымдағы эксклюзивті мәртебеден айырып жатқанын жасыруға мүмкіндік береді.