Аңдатпа

Қазақстанда 26 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевФлаг у здания сената приспущен в день национального траура по жертвам коронавируса
Флаг у здания сената приспущен в день национального траура по жертвам коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 26-28 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10:00 – Парламентс сенатының отырысы. Күн тәртібіне мынадай мәселелер қаралады: 1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жұмысшыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы туралы. 2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздері мен электр энергиясын пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасы. Сенат отырысы палата сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

10.30 – Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында "Қазақстанның IX Азаматтық форумының барысы туралы" баспасөз конференциясы. Спикерлер: ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Болат Тілепов, "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева. Трансляцияны Youtube пен Facebook-тен көруге болады.

11:00 – "Қазақстан және Орта Азия отбасы институты" білім беру мекемесінің "Қазақстандағы мүгедек балалар: проблемалар мен ерекше қажеттіліктер" тақырыбында онлайн-конференция. Іс-шара "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігінің базасында өтеді. Баспасөз конференциясына балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев; Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы жөніндегі омбудсмен Аружан Саин; президент жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы Шолпан Сыздықова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасының профессоры, дәрігер, балалар психиатры Қорлан Сәдуақасова; Қазақстан мен Орталық Азиядағы отбасы институтының атқарушы директоры, "Алматының қызыл алмасы – бақытты отбасының символы" балалар фестивалінің ұйымдастырушысы, психолог Эльмира Алиева; Алматының қызыл алмасы – бақытты отбасының символы" балалар фестивалінің демеушісі, "СОП" Күзет" АҚ президенті Ернар Нұрбеков қатысады. Онлайн режимде өтетін баспасөз конференциясына ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары да қатысады.

12.30 – Орталық коммуникация қызметінің алаңында "Мемлекет басшысының жолдауы аясындағы аумақтық даму" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикер: Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов. Тікелей эфир Youtube пен Facebook-те көрсетіледі.

28 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 - Композитор Петр Чайковскийдің 180 жылдығына арналған "Жан мен музыка үндестігі" концерті. Солист – "Астана Опера" театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).   

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0