Оқиға

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: жансақтау бөлімінде тағы бір адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Өткен сенбі күні болған дәмханадағы жарылыс салдарынан екі адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ, 25 қараша — Sputnik. Астаналық аурухананың реанимациялық бөлімінде Halal Brothers дәмханасында газ жарылу салдарынан зардап шеккен 24 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы растады. Олар пациент ауруханаға ауыр жағдайда түскенін айтты.

"Оның миы зақымданған болатын. Ауруханаға түскен кезде №2 көпбейінді аурухана мен ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары тексерді. Жағдайы өте ауыр болды. Өкінішке қарай, емдеуге қарамастан, пациентті аман алып қалу мүмкін болмады", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Айгерім Ардақ.

Оның айтуынша, тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұған дейін дәмханада газ баллоны жарылу салдарынан бір адам қайтыс болғаны хабарланған болатын. 52 жастағы ыдыс жуушы көз жұмды.

Жаңалықтар
0