Қоғам

Назарбаев "елде демократия жоқ" дейтіндерге жауап берді

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев нағыз демократиялы ел саналатын АҚШ-тың өзінде бәрі керемет емес екенін айтты. Сайлау кезінде демократтар ЕҚЫҰ бақылаушыларын мүлде кіргізбей қойды, деді ол

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде "елде демократия жоқ" деп сынайтын азаматтарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мысалы, бізді кейде сынайды. Біздің демократиямыз Батыстағыдай, Америка, Германия, Франциядағыдай бола қалу керек екен. Біз соған қарай жүріп келеміз. Бірақ ол үшін экономиканың 60-70 проценті жеке меншікте болуы керек. Америка экономикасының 90%-і жеке меншіктің қолында, ол жерде мемлекет жоқ, Германияда 80%-і – шағын және орта бизнестің қолында. Ал бізде небәрі 25-30 процент. Экономиканың 60-70 проценті  бизнестің қолында болса, ол адамдардың өз үйі, жұмысы, бизнесі, активі болса, ол соны қорғағысы келеді. Сол активті қорғайтын мемлекет болса екен дейді",  - деді Елбасы кезектен тыс съезде. 

Назарбаев нағыз демократиялы ел саналатын АҚШ-тың өзінде бәрі керемет емес екенін айтты. 

"Несін айтасың, қазір АҚШ-та да, мысалы сайлау кезінде демократтар ЕҚЫҰ бақылаушыларын мүлде кіргізбей қойды. Егер бізді сынаса, неге өз жерлерінде осындай тәртіпсіздіктер орын алады? Таяқтың екі ұшы бар деген осы. Бір ай бойы Беларусьті де сынады. Дәл осындай жағдай Болгарияда да болды, бірақ, неге екені белгісіз, біз еш жерден бұл жайлы естіген жоқпыз", - деді ол. 

Біз азат, нарықтық экономикасы бар, демократияны дамыту бағытын ұстанған мемлекет құрғанымызды мақтан етеміз. Бірақ, әр нәрсенің өз уақыты бар. Біз үшін демократия жолдың соңы емес, басы. Біз соған қарай бет алдық, деп түйіндеді Елбасы.

Жаңалықтар
0